Жолдауды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары – бұл мемлекеттің, бүкіл қоғамның дамуының стратегиялық бағыты, басты мессенджері. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының негізгі бағыттары мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді айқындады.
 
Мемлекет басшысы бұл жолы да осыған дейінгі Жолдауында қозғалған саяси реформаларға басымдық берді. Нақты айтқанда, ол Қазақстанның саяси реформасының 4-і пакетін ұсынып отыр. Толығырақ тоқталсақ, депутаттық мандатты бөлгенде 30 пайыз квотаны әйелдер мен жастарға теңдей бөлуді заңмен бекіту міндетін қойды. Бұрын бұл талап тек партия атынан сайланған депутаттарға қатысты болған. Ендігі уақытта талап депутаттық мандатты тағайындау кезінде де ескерілетін болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың қатарында ерекше күтімді талап ететін жандардың болуын ұсынды.
 
Жолдауда айтылған маңызды тапсырмаларға назар аударғым келеді. Биыл елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау науқаны өткен болатын. Енді 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау саяси науқанын өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында осыны айтты. Еліміздегі саяси реформалар жалғаса береді. Мемлекетіміздің саяси статусында өзгерістер болады. Әрине, мұның бәрі халқымызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады. Ауыл әкімдерін сайлау тұрғындардың демократияға деген көзқарасын айқындап берді. Аудан әкімдерін сайлау жөніндегі реформа осы көзқарасты нығайтуы тиіс.
 
Президент бар салаларда жаңа технологияларды кеңінен қолдануды мемлекет приоритеті деп жариялады. Шынымен, интернет біздің өмірімізді өзгертті, күн сайын жаңа мүмкіндіктер де туғызуда. Осы орайда ел алдында қойылған IT-салада жүз мың маманды дайындау мақсаты – қиын да күрделі болғанымен, сөзсіз қажетті шара. Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтардан бастап жалақының ең төменгі деңгейі 42500-ден 60 мың теңгеге дейін артпақ. Барлық тапсырмалар әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие, олардың мақсаты азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
 
Биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы арқылы Мемлекет басшысы елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сала отырып Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеп отыр. Халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған осынау аса маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді, тапсырмаларды бүкіл қоғам болып, жұмылып орындайтын болсақ, жеңілмесіміз анық. Осындай үлкен мақсаттар қоймайынша, біз дами алмаймыз. Ендеше, осындай сындарлы, сарабдал саясатты жүзеге асыруда отандастарымның бір жеңнен қол шығарып, бірлік танытарына сенім білдіремін!
 
Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы Мәслихатының хатшысы
x

Check Also

В Шымкентском городском перинатальном центре проводятся высокоточные бактериологические исследования

В бактериологической лаборатории Шымкентского городского перинатального центра проводится 35 видов бактериологических исследований, и более 400 типов микроорганизмов выявляются в течение ...

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, ...