Жолдауда жалақыны көтерген кәсіпорындарға жеңілдік қарастырылатыны айтылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мәселесіне басымдық берді.
«Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді.
Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.
 
Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың еңбегі бағаланбай отырғанын тілге тиек етті. Елімізде 6,5 миллион қазақстандық жалдамалы жұмыспен қамтылған. Олардың негізгі күнкөріс көзі – жалақы. Ал, соңғы 10 жылда кәсіпорындардың жалақы қорының көлемі пайда көлемінен 60 пайызға төмендеп кеткен. Енді 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтерген кәсіпорындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылатын болып отыр. Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында қолдау көрсетуді тапсырды.
Жоғарыда аталған мәселелер шағын және орта бизнестің ашықтығын қамтамасыз етері сөзсіз. Сонымен қатар, жұмыс беруші ретінде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтеруге мүмкіндік беріп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашпақ.
 
Нұралы Әбішев,
«Агро V» компаниясының директоры
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...