Жеңілдетілген пайызбен несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау басталды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі жүз тоқсан екі несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды. Аталған кредиттік бағыттағы конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін Отбасы банкінің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болғаны.
Алғашқы жарна пәтер құнының 20 %-ын, несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 %-ды құрайды. Отбасы банк жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрғын үйлер Тұран шағынауданында орналасқан.
Айта кету керек, бұл бағыт бойынша азаматтарға қойылатын басты талап, отбасының соңғы алты ай ішінде еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табысы әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен (2021 жылға – 126 917 теңгеден) аспауы қажет. Зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығы және өзге  де міндетті аударымдар табыс көзі ретінде есептелмейді.
x

Check Also

Ұстаз болу — жүректің ісі

Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ...

Youtube каналынан рухани тақырыпта сабақ беретін ұстаз

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – тек білім беруші ғана емес, ұлттың рухани қазынасын шәкірт бойына сіңіруші, ана тілінің ...