Жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бойынша жиын өтті.
Онлайн режимде өткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, құрметті мемлекеттік қызметші, зейнеткер З.Пернешова, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы мен алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен оларға жүктелетін міндеттер сөз болды.
 
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындыларына тоқталып, қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысына тоқталды.
Құрметті мемлекеттік қызметші, зейнеткер З.Пернешова мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет екенін, әр қызметкерге қарап, мекемеге ғана емес, бүкіл мемлекеттік қызметке баға берілетіндігін айтып, адал қызмет етуге шақырды.
Сонымен қатар, жиын барысында заңнамаға енгізілген өзгерістер қатысушылардың назарына жеткізіліп, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-ағартушылық штабының жұмысы таныстырылды.
Шараны қорытындылаған Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейтжамал Пакеев ұжымда жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...