Жастар практикасы — жастарға еңбек жолын ашады — Xnews — ақпарат агенттігі

Жастар практикасы — жастарға еңбек жолын ашады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі — Валерия Полукчи.

Шымкенттік жас биылғы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Кәсіпкерлік экономика құқығы саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіріп, қолына диплом алған жас маман шілде айында Шымкент қаласының полиция департаментіне жастар практикасымен 6 ай мерзімге жолданып, қазіргі таңда тәжірибе жинақтауда.

Жалпы, «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері бір рет қана қатыса алады. Жалақы көлемі — 25 АЕК.

Жыл соңына дейін 2500 шымкенттік жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарланған болса, осы уақытқа дейін 2350 жұмыссыз қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданған. Жоспар 94 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде 40-тан астамы жолданған мекемелерде тұрақты жұмысқа орналасқан.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...