«Жастар практикасы» арқылы екі мыңнан астам жас тәжірибе жинады

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған.
Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды.
– Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс таптым. Қазіргі таңда ауруханада жансақтау бөлімінде көмекші ретінде біліктілігімді арттырып келемін. Жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын, – дейді 21 жасар қала тұрғыны.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.
 
Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.
Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жастар аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.
x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...