Жаңа Жолдау – Жаңа белес!

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкен қаласы бойынша педагогикалық біліктілік арттыру институты директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ергешбаева Шынар Нәлқожақызының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы білім саласын дамыту бойынша іске асыруға бағытталған бастамалары» атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде өткізілді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйекте жолдаған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы көптің көңілінен шықты.

Осы тұрғыда Жолдаудың «Қолжетімді әрі сапалы білім» бөліміне тоқталар болсақ, пандемия жағдайында қашықтан оқыту форматына көшу барысында жұмыстың тәсілі мен мазмұны түбегейлі өзгертілген тұста, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ екендігін сынға алып, келесі кезеңде басымдық танытып, назарға алатын келесідегідей басты міндеттерді атап көрсетті:

— толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігі;
— сапалы білім алу үшін әдет¬тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласу, командада жұмыс жасау маңыздылығы;
— сапалы білім беру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі;
— 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту, жалақыны арттыру;
— 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз ету;
— қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту;
— азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу;
— кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыру;
— «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқыту;
— өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару;
— бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, спорт үйірмелерін ашу;
— «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтіру;
— ғылым саласын дамыту бойынша халықаралық тәжірибеге сүйену;
— халықаралық деңгейде олимпиада жеңімпаздарына және оның ұстаздарына қомақты сыйақы тағайындап, мотивациялау;
— педагог кадрлердің біліктілігін әр үш жылда арттыру:
— мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру т.б. Мемлекет басшысының Жолдауда көрсеткен міндеттерін назарға алып, алға басатын боламыз. Мақсат бар, бағдар- айқын, енді тек жүйелі түрде жұмыс істей білсек, біз алмайтын асу жоқ.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...