Жалын елдімекенін электрмен жабдықтау құрылыс жұмыстарының 85%-ы аяқталды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Жалын елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тарапынан бес жүз елу электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 %-ы аяқталды.
Құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда. Жоба бойынша ұзындығы жиырма бес шақырым электр желілері тартылып, жеті жүз бағана орнатылады.
Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, Жалын елдімекеніндегі мың екі жүз тоқсан отбасы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...