Заңсыз салынған құрылыстар сүрілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Заңсыз салынған құрылыстар сүрілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен «Самал-1» шағын ауданындағы Рысқұлов көшесі бойында заңсыз салынған 8 құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу іс-шаралары басталды.
Бұл нысандар жоспарлау құрылымында құрылыс салу шекарасын бөліп тұратын қызыл сызықты өрескел бұза отырып салынған. Нәтижесінде, құрылыстардың меншік иелері бекітілген жобалау құжаттарының талаптарымен көрсетілген сызықтарды сақтамай нысан құрылыстарын жүргізген. Салынған құрылыстарды пайдалану туралы рұқсат құжаттар рәсімделмеген.
 
Тиісті нормативтерді басшылыққа алмай салынған бұл нысандар, жалпыға бірдей пайдаланылуы тиіс аумақтардың жабылуына әкеп соғып, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіруде.
Қала құрылысында бекітілген қағидалар қатаң сақталуы керек. Бұл салада бей-берекет құрылыс жүргізуге болмайды. Жалпыға бірдей пайдаланылатын аумақтарда инженерлік желілер, жол инфрақұрылымына қажетті нысандар орналастырылып, қала көшелерінің құрылымы Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылады.
Тәртіп пен талапты ұстансақ қана қаламыз заманауи орталыққа айналады. Қолайлы орта қалыптастырудың алғашқы қадамы – айналаға қолайсыздықтар тудырмаудан басталады. Бұл қағидат қала тұрғындарының азаматтық ұстанымына айналады деген сенімдеміз.
x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...