Ынтымақтастық туралы әріптестік келісімге қол қойды

Бүгін «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің директоры Заңғарбек Усупахметов және «Шымкент қаласының ахуалдық орталығы» КММ-нің басшысы Азат Әміртаев өзара келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық барысында Заңғарбек Нышанбекұлы әріптестік келісімнің негізгі мақсатын жеткізді.

– Бұл ынтымақтастық шеңберінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және әлеуметтік сипаттағы ақпарат алмасуды көздеп отырмыз. Яғни, Шымкент қаласы тұрғындарынан келіп түскен талап-тілектерінің дер кезінде орындалуы мен жергілікті атқарушы органдар арасында байланысты нығайту, – деді З.Усупахметов.

Осы орайда Азат Ермекбайұлы аталған келісімнің маңыздылығына тоқталып, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, әріптестік келісім шеңберінде қос тарап бірлескен жұмыс үшін байланыстар орнату мен деректер алмасу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ, жұмысты тиімді іске асыру мақсатында мамандарды айқындау және тараптар арасында күніне 2 рет ақпарат алмасуды негізге алмақ.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...