«ҰЛАҒАТ» аналар мектебі

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясында Тәрбие саласының ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ бағытындағы іс-жоспарына сәйкес «Ұлағат» аналар мектебі өз жұмысын бастады. 24.09.2021 ж. күні Аналар мектебі «Қызың болсын моншақты» тақырыбымен кездесу ұйымдастырып, оған Облыстық «Әжелер алқасының» мүшелері, қазақ ұрпағына өмірлік ұстаным, көрегенділік тәлім-тәрбие беруде белсенділік танытып жүрген әжелеріміз шақыртылды.

Кездесуді Мектеп директоры Кайкенова Гулсара Жумаділлақызы ашып беріп шақыртылған қонақтарға өз жылы лебізін білдірді. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бейсенова Гүлмира Зұлпыкарқызы «Ұлағат» аналар мектебінің алға қойған мақсаты мен міндеттерін қонақтарға таныстырып өтті. Әжелеріміз қыздарға тәлім тәрбие беретін салт дәстүріміз бен өнегелерін айтып ақыл кеңестерін берді. Кездесуде ұлттық билер биленіп, қазақтың халық әндері шырқалды.

x

Check Also

Шымкентте «Төлем» жүйесінен Avtobys жүйесіне көшу ресми түрде қабылданды

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шымкент қаласында «Төлем» жүйесінің валидаторлары ажыратылады. Осыған орай, тұрғындардан стандартты Төлем карталарының балансын толықтырмау сұралады. ...

Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартты. “Наурызнама” онкүндігі аясында барлық мектептерде республикалық челлендж өтті. “КҮЙ КҮМБІРІ” республикалық домбырашылар ...