«Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді.
№6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған құрылғылар 100% Шымкентте өндірілген өнімдер. Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында толық аяқталады.
Абай ауданы аумағында жалпы 21 ауланы абаттандыру үшін бюджеттен 695,1 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде.
Елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына 35 спорт алаңшасын орнату үшін бюджеттен 678,3 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары атқарылуда.
Тұрғындармен кездескен қала әкімі, бұл бағытта жұмыстардың үнемі жалғасатынын айта келе, аулаға орнатылған дүниелерді күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталды.
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...