Түркі әлемі үшін ортақ мәселелер талқыланды

Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 10-шы пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл тарихи құжат қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, болашаққа деген жоспарларды да көрсетеді деп атап өтті.

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда парламентшілердің мерейтойлық пленарлық отырысы өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин түркі елдері бірлігінің нығаюына Парламенттік Ассамблеяның маңызы зор деді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Осы Түркістан Декларациясында біз ТүркПА-ның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше атап көрсеттік. Сонымен бірге, киелі Түркістан жерінде ТүркПА төрағалығы Қазақстанға өтті. Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету — осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады.

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының заң шығару қызметі күшейтілмек. Ол үшін модельдік заңдарды әзірлеу ережелері қабылданды. Сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының бес жылға арналған жоспары әзірленеді.

Талант  Мамытов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы:

Бүгінгі жиын түркі халықтары үшін тарихи маңызы бар шара. Бүгінгі таңда әлем жахандық тұрғыдан үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Соның түркі халықтарының бірлесе қимылдағаны абзал. Пленарлық отырысқа өзге де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің де қатысуы форумның көкжиегін кеңейтеді.

Жиынға қатысушылар Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекіту, еліміздегі Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау және қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады.

x

Check Also

Круче Майкла Джексона: Димаш выпустил самый дорогостоящий видеоклип в истории

На создание клипа Димаш потратил три года. Вечером 24 сентября сбылась мечта самого богатого и знаменитого молодого артиста Казахстана — ...

Түркістанда ТМД дәрігерлері бас қосты

Бүгін Түркістанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мерейтойлық, 35-ші отырысының ресми ашылуы өтті. Іс-шараны ҚР Денсаулық ...