Туристік қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар

Ел экономикасына әсер ететін фактордың бірі – туризм. Туризмнің дамуында туристік қызмет көрсетуші компаниялардың үлесі зор. Сондықтан мұндай компаниялардың туристерге қолайлы бағдарлама ұсынып, жоғары сапалы қызмет көрсетуі үшін оларға деген мемлекеттік қолдау да артып келеді.

Туристік қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ұсынылатын келесі мемлекеттік қолдаудың түрі – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.

ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ТАЛАПТАРЫ:
— Бір қатысушы үшін несиенің ең жоғары сомасы – 8000 АЕК (23,0 млн.теңге)
— Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылына 6% (Көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелері үшін 4%)
— Несиелеу мерзімі – инвестиция үшін 7 жыл, айналым қаражатын толықтыру 3 жыл
— Салалық шектеулер қойылмаған
— Несие бойынша қайта қаржыландыру қарастырылмаған
— Жобалардың нысаналы мақсаты– инвестициялар, айналым қаражатын толтыру
— Бағдарламаға шағын және орта бизнес өкілдері қатысады
— Кәсіпкерлік негізін оқу бойынша қажетті – Бизнес-бастау сертификаты

КЕПІЛДЕНДІРУ ТАЛАПТАРЫ:
— Бастауыш кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі – 85%-ға дейін
— Әрекеттегі кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі — 50%-ға дейін

ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІ:
1) Кәсіпкер бағдарлама талаптарына сәйкес келетінін анықтау үшін және кеңес алу үшін Жұмыспенқамту орталығына жүгінеді
2) Кәсіпкер «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздері оқу курсынан өтеді
3) Кәсіпкер Жұмыспен қамту орталығының бағыттауымен және кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы сертификатпен бизнес-жоспар даярлайды және банкке өтінім жолдайды
4) Банк кәсіпкерге шағын несие беру туралы оң шешім қабылдаса, кәсіпкермен шағын несие беру туралы келісімшарт түзеді.

Қосымша ақпарат алу үшін:
«Shymkent invest» бизнеске арналған Үкімет фронт-офисі: 39-11-77;
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы: 87011021717, 87021091717

 

x

Check Also

Шымкентте тағылымды туындының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ...

Реновация бағдарламасы: 22 отбасы үйлі болды

Шымкентте тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ...