Тұрғындарды онлайн санақтан өткізу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласындағы әрбір азаматтың санаққа қатысуы, есепке алынуы маңызды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумақтарында санақты жүйелі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев аудандағы онлайн санақ өтетін орындардың бірі — Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында және Жангелдин көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарына санақ туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Халық санағы 1-15 қазан аралығында «онлайн» форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізіледі. Бүгінде «онлайн» санақтан өтуге ауданда адам көп шоғырланатын 10 нүкте («Қазпочта» АҚ, Шымкент темір жол вокзалы, «Энергопоток» ЖШС, «Shymkent Plaza», «Имран», «МEGA PLANET» сауда үйлері, «Қырғы базар», «Акбар» базары, «Қазақтелеком», Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы) қарастырылып, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.

Онда санақшылар тұрғындарға халық санағы жайлы толық ақпарат беріп, азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіруде. Шамамен күніне 500-700 адамдар тіркелуде.

Одан бөлек, тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында аудан аумағында дыбыстық хабарлама ұйымдастырылды. Арнайы көлік дабыл дыбысымен азаматтарды санақтан өтуге шақыруда. Мұндай шара Ұлттық санақ аяқталғанға дейін жалғасады.

x

Check Also

В Шымкентском городском перинатальном центре проводятся высокоточные бактериологические исследования

В бактериологической лаборатории Шымкентского городского перинатального центра проводится 35 видов бактериологических исследований, и более 400 типов микроорганизмов выявляются в течение ...

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, ...