«Тұран» шағынауданына сапалы ауыз су келді

Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Шымкент қаласында осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарының бірі «Тұран» шағынауданында.
 
Бұл шағынауданда ауыз су жүйесін тарту жұмыстары 2018 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гімен басталған болатын. Жалпы ұзындығы 59,8 шақырымды құрайды. Бүгінде ауыз су құбырының құрылысы 100 пайыз аяқталып, құбырларды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айының соңында «Тұран» шағынауданындағы 12 600 адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Жалпы аталған шағынауданда 1745 жеке тұрғын үй мен 59 көпқабатты үй бар.
 
Еске салсақ, 2015 жылы бекітілген шаһардың бас жоспарына сай Тұран шағынауданы қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Жалпы алаңы 1190 гактарды құрайды. Шағынаудан батысында Бәйдібек би даңғылымен шектеседі, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» автокөлік дәлізі жатыр.
Айта кетейік, осы жылы мегаполисте 3 магистралды суаққы, тасымалды 7 елді мекен және ауыз суды кестемен пайдаланып келген екі елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға өспек.
x

Check Also

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында ...

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау ...