«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» концерті өтеді

Шымкент қаласында 10 қазан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «FOLK & SYMPHONY» концертін ұсынады.
Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ.
 
«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заманның талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді.
Бағдарламада қазақ композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары орындалады.
 
Мерекелік концерт 10 қазан сағат 18.00-де «Түркістан сарайында» өтеді. Билеттер Түркістан сарайының кассасында сатылады.
x

Check Also

Шымкент: «Отбасыммен кітап оқимын» атты кеш өтті

15 мамыр — Халықаралық отбсы күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Отбасыммен ...

Шомылу маусымында қауіпсіздік басты назарда

2025 жылғы 15 мамыр күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті сақтау шаралары» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шара ...