Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды. Жарыс паралимпиадалық емес бес спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен үш жүзден астам спортшы қатысады.
 
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайыстың ашылу рәсіміне қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына жоспарланған. Тартысты бәсекелер «Көрме» орталығы мен Шымкент қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтеді.
жиырма бірінші қыркүйек күні барлық спорт түрі бойынша іріктеу бәсекелері бастау алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жиырма бесінші қыркүйек күні анықталады.
x

Check Also

Шымкентте Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті

«Біртұтас ел-біртұтас жер» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл, Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының қаһарман қызы, сұлулық пен ...

Шымкент: Азаматтардың көтерген өзекті мәселелері бақылауға алынады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың кезекті жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және ...