Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы ұлы мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталықта 2021 жылдың 06.09-30.09 аралығында жылдық жұмыс жоспары негізінде гуманитарлық пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) педагогтері арасында «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта) айлық іс-шара басталды.
Айлық іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілді кеңінен қол¬да¬нуды насихаттау, тіл-тату¬лықтың, достықтың тетігі, тәр¬биенің көзі, халықты бі-ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
Айлықтың алғашқы аптасында 06.09-10.09.2021аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы Тілдер мерекесіне орай білім беру ұйымдарында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар негізінде білімалушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, халықты бі¬ріктірудің маңызды факторы мемлекеттік тіл екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі үйлесімдік табуда.
Атап айтар болсақ, №46 мектеп-лицейде 11 сынып (орыс) оқушылары арасында «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» әдеби кеш ұйымдастырылды.
Аталған шараға мектеп-лицейдің барлық 11 сыныптағы өзге ұлт өкілдері белсенді қатысты. Әдеби кеш барысында қазақ тілінің бұдан әрі дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Қа¬зақ¬стан жастарын отансүй¬гіш¬тікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілге құрметпен қарау сияқты мә¬се¬лелер ортаға са-лынды.Мерекелік іс-шара мектеп-лицейі басшыларының құттықтау сөзі¬мен ашылды. Кең, жарық фоеде ғалым, жазушылардың қазақ тілі ғылым туралы жазған еңбектері мен кітаптарынан көрме ұйым¬дас¬тырылды.Көрмеде барлығы 200-ге жуық әр түрлі тілде түрлі кітаптар, 10 шақты электрондық оқулық пен 10 мультфильмі көпшіліктің назарына ұсы¬нылды.
Бүгін, апталықтың екінші күні С.Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектепте «Тіл мәртебесі-ел мерейі»тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен жас маман Ділдабек Ерасыл сиясы кеппеген төл туындысын, Исманова Разия ән шашуын тарту етті. Пән бірлестігі оқушыларды ұшқыр ой мен шешен тіл интеллектуалды ойынына шақырып,олардың алған білімдерін жинақтай отырып,шапшаңдық пен белсенділіктерін арттыра түсті. Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
«Тіл-татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта айлық іс-шара келесі аптада орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалғасын таппақ.