«Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 29 қыркүйек күні сағат 15.00, 19.00-де жеңіл әзіл, астарлы қалжыңға толы Мар Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы көрермен назарына ұсынылады.
«Тіл табысқандар» спектаклі — ауылдан келген әпкенің қала тіршілігіндегі сан-алуан күлкілі жайттарға тап бола отырып, ұлт болашағының бесігін тербеткелі отырған жас қыздың шұбарланған тілін өз ана тіліне сөйлетуі жайлы бейнеленеді.
 
Аталған комедияның идеясы — жаһандану кезеңі белең алған ғасырда ұлттың болмысына төнген ең үлкен қауіп – тіл тағдырын насихаттау. Қойылымның қоюшы режиссері – Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – Баубек Әшірбаев.
Айта кетейік карантинге байланысты барлық мәдени іс-шаралар мен қойылымдар шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.
Билетті 77-10-43, 8 778 249 59 20 анықтама телефон нөмірен хабарласып алуға болады. Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...