Театр маусымы «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10,11 қыркүйек күндері сағат 19:00-де 88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді.
Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесін ұсынамыз.
 
«Қазақтың келешегі өзгеге емес өзіне байланысты…» деген Абылайдың өсиеті қазіргі уақытта да өзекті мәселе. Ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының шайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен парасатын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы дұшпандарымен арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктіруді аңсаған хан Абылайдың арманы жайлы тарихи драма.
Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов,қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов, театрдың көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев. Бас суретшісі — ҚР мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов. Театр директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Қарғабаев.
 
Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н.Назарбаев даңғылы 6
Ақпарат және жарнама бөлімі: Алтынай Алиева — 87753497782
x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...