Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы туралы ҚР Парламенті Сенаты депутаты @dana_nurzhigit :

Кеше «Astana Opera» сахнасында Шымкент опера театрының труппасы «Домалақ ана» операсын қойды. Көп естігеннен бір көрген артық деп бардық.
Идея авторы Майра Мухамедқызымен үнемі байланыста болғандықтан бұл шығарманың қалай дүниеге келгенін жақсы білемін.
Кеше қойылым аяқтала салысымен Майражан киелі сахнасын сүйіп,көрерменге иіліп сәлем салып тұрғанында қандай мән жатқанын,ассыз,ұйқысыз ізденген күндер тұрғанын түйсігіммен ұқтым.
 
Шымкент опера театрына жан бітіру Майраның қайраткерлік жолының алғашқы ,әрі сәтті қадамы.Әкім Әйтенов мырзаның астаналық опера жұлдызын Шымкентке, лауазымды қызметке шақыру қалай ойына келгенін, кім кеңес бергенін білмеймін.Бір нәрсе айдан анық: көш бастайтын мықты тұлға тақыр жерге тасаттықтан кейін жауған ақ жауындай халықтың тілеуіне берген рахым нұрындай шапағатын құятыны сөзсіз! Тіршілік тірілді!
Бір ай ішінде жазылған опера авторы Тасқын Жармұхамед,либреттосын жазған есімі жақсы таныс режиссер,қайраткеріміз Асхат Майемиров.
 
Өнерге сусап қалған шымкенттіктердің сұрауымен бұл опера биылғы көктемде дүниеге келе салысымен 30 күн қатарымен қойылды.Бәйдібек бабамыздың,Домалақ ана-Нұриләнің рухы шалқыған шырайлы оңтүстік халқы қазақ даласының есімдері,киелі ұл-қыздарының нұрына шомылды.
Енді міне, елорда төріне келіп, астана жұртшылығына ыстық құшағын айқара ашқан Домалақ ана Сары Арқа төрінде Тілеуберді шақалағын бауырына қысып тұрып,бар қазаққа аналық ақ батасын беріп тұрғандай…
 
Опера өнерінің атасы Джузеппе Вердидің атақты «Аида» операсы туралы сөз қозғалғанда бұл шығарма Суэц каналы ашылғанда арнайы тапсырыспен жазылғаны міндетті түрде айтылады.
«Домалақ ана» операсы Тәуелсіздік жылдары аймақтағы теарды жандандыру ісінің ең сәтті жобасы болғанына күмән жоқ.Бұл операның тарихы айтылғанда «Шымкентке Майра барғанда» деп ел ішіне тарайтыны анық!
Жарайсыңдар,шымкенттіктер!
p.s.Опера бүгін кешке барлық санитарлық талаптарға сай «Astana Opera»сахнасында жүреді.Телевизия үшін «Abai tv»арнасы таспаға жазды.
Шын өнерден сусындайтын,нақ жұлдызды бағалайтын кез келді!
x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...