Түркістан облысында 91 жастағы қария вакцина салдырды

Елімізде екпе алғандардың ең егдесі Заманбай Атишов. 91 жастағы қария Түркістан облысы Кентау қаласында тұрады. 1930 жылы Қарнақ ауылында дүниеге келген. Вакцинаның екі компонентін де қабылдаған қарияның жағдайы өте жақсы. Қарияны бақылауға алған дәрігерлер осылай дейді.

«Ғылым дәлелдеген екпеге сенім артып, індеттен сақтану үшін екпе қабылдадым. Баларым да қабылдады. Бұл індетті жеңу үшін дәрігерлерге сенім арту қажет», – дейді 10 немере мен шөбере тәрбиелеп отырған ақсақал.

Әлемді жайлаған індетпен бүгін де әлем болып күрес жүргізуде. Күресудің бірден-бір жолы – екпе ектіру. Егу науқаны басталғалы Кентауда 50 мыңға жуық азамат вакцина салдырған. Соның ішінде жасы үлкен қариялар жетерлік. Екпе қабылдаған егде жастағы қария Мұхтархан Жалаловтың жасы 85-тен асқан. Вирусқа қарсы Спутник-V вакцинасының екі дозасын да қабылдап үлгерген қария денсаулыққа немқұрайлы қарамау керектігін айтады.

Қарнақ ауылының емхана қызметкерлері өз еркімен екпе салдыратын егде жастағылардың қатары қалың екенін айтады. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер каронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Белсенді қарттардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында тұрады.

Айта кетейік, бүгінге дейін елімізде 70-тен 79 жасқа дейінгі 136 мыңға жуық қария, 90 жастан асқан 1417 қария вакцина қабылдаған. Осылайша зейнеткерлер де қоғам саулығын сақтауға белсенді түрде үлес қосуда.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...