Шымкенттегі «Qazmedpribor» ЖШС күніне 20 ӨЖЖ аппаратын шығарады

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.

Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін ...

Шымкент дендросаябағы жаңа өсімдіктермен толығады

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет ...