Шымкенттегі 9 шағынаудан биыл канализациялық коллекторға қосылады

Шымкент қаласында Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы қарқынды жүруде. Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. 2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан басталған құрылыс жұмыстарының бүгінде 60 пайызға жуығы аяқталды. Пресс-тур барысында қаладағы журналистер осы нысан құрылысының жұмысымен танысты.
 
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков аталған канализациялық коллектор құрылысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталатынын атап өтті. Нәтижесінде, Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, биыл қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...