Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

Шымкент қаласында 18 қыркүйек World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өттті.
Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әрбір мекеме өздеріне жүктелген аумақтарды қоқыстан тазалады. Ол жұмыстарға 12 мыңға жуық тұрғын қатысты.
 
Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар тазаланып, демалыс орындарында сырлау жұмыстары жүргізілді.
Осы күні «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанаты өтті. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан белсенді жастарды марапаттады. Бұл жобаға жалпы қаладағы 1200-ге жуық жастар қамтылған.
 
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан әрбір қала тұрғыны үлес қосуы қажет.
Бірге тазалық мәдениетін қалыптастырайық!
x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...