Шымкентте туризм саласының әлеуеті жоғары

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «SHYMKENT 2200: туристік креативті қала бейнесі» атты іс-шара аясында «Көрме» орталығында ұйымдастырылған көрмеге қатысып, қонақтармен бірге шаһардың туристік әлеуетін танытатын экспозицияны тамашалады.
—Шымкент қаласы өзінің бәсекелестік ортадағы артықшылықтарын ұтымды пайдалана білсе, отандық туризімнің тірек-орталығына айнала алады. Мәселен, қаладағы Сайрам тұрғын алабында сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасының кесенелері бар. Яғни, оңтүстік өңірдегі сакралды туризм Шымкенттен бастау алады. Жалпы, осы саланың әлеуетін дұрыс пайдалансақ ол қаланы экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтереді. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
 
Іс-шарада креативті индустрияны дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Данат Жумин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев және басқалар баяндама жасап, Шымкентте туризм саласын дамытуға қатысты мәселелерді талқыға салды.
Айта кетейік, іс-шараның қортындысы бойынша Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облысының туризмге жауапты басқармаларымен және М.Әуезов атындағы ОҚУ-імен, сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысындағы туристік операторлармен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...