Шымкентте 31 тамызда КВИ-дің жүз қырық жағдайы тіркелді (белгілері бар – 117, белгілері жоқ – 23). Тоқсан бір адам инфекциялық стационарға жатқызылып, қырық тоғыз адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 1498 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1552 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, үш жүз науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде 6412 адам вакцина алды
(I компонент-3020, II компонент-3392). Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 362 201 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар үш жүз қырық төрт нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде үш нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мамандар карантин талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке алып келіп қана қоймай, қоғам денсаулығына да әсер ететінін ұмытпау қажет дейді.