Шымкентте химия өнеркәсібінің өнімі 58 пайызға артты

Шымкентте осы жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд. теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр.

Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады.

Өнім көлемі артқан саланың бірі – химия өнеркәсібі. Бұл сала өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 58,8 пайызға артқан. Кәсіпорындарда жыл басынан бері 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 158,8% құраған. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді.

Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорынның негізі майды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Дәстүрлі кір сабыннан бөлек, құрамында кокос майы бар сабын да шығарады.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...