Шымкентте эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Індет жұқтырудың кезекті шарықтау шегінен өттік. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі осындай.
Олардың айтуынша, қалада өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 жағдай тіркелген. Оның ішінде белгілері бар қырық бір, белгілері жоқ 8. Індет жұқтырған отыз тоғыз адам инфекциялық стационарға жатқызылып, он адам үй бақылауына алынған.
Ауруханадағы орындар біртіндеп босап жатқаны байқалады.
Мамандар инфекциялық стационарлардың жүктемесі бір ай көлемінде 50 пайыздан 38 пайызға дейін төмендегенін айтады.
 
Бүгінде инфекциялық стационарда 548 науқас, ал жансақтау бөлімінде 96 науқас ем қабылдауда.
Сонымен қатар қалада екпе салдырғандар қатары артып келеді. Бір тәулік ішінде қалада 2322 адам вакцина алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 516 623 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 417 708 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі төмендеген. Дегенмен, қала тұрғындарынан карантиндік талаптарды сақтауды және бетпердені дұрыс тағуды сұраймыз.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...