Шымкентте экология айы өтеді

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 25 қыркүйек пен 16 қазан аралығында экологиялық айлық өтеді. Ондағы мақсат – қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, сонымен қоса жас ұрпақ арасында экологиялық ойлауды, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
 
Экологиялық айлық барысында коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктер, көпқабатты тұрғын үй аулаларында «Таза аула – таза қала», мектеп оқушылары арасында «Менің қалам – менің үйім», өзен арналарында «Таза су айдындары» акциялары өткізіледі деп жоспарлануда.
 
Сенбіліктер кезінде қаланы санитарлық тазалау, нөсерлік аулалар мен арық жүйелерін тазарту, көше бойын, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, саябақтар мен жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстарды жүргізу, заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін және ластанған аумақтарды жинау жоспарланып отыр.
 
Қаланың барша тұрғындары мен ұйымдарын туған көшелері мен аулаларын абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
x

Check Also

Шымкент: Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол ...

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін ...