Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

Биыл Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді.
 
Мекенжай бағдарламасында мың бес жүз жалпы бақылау, екі жүз желілік учаскеге және жол қиылысына жүз камераны орнату жоспарланған болатын.
Бүгінде бағдарламаға сәйкес мың бір жүз он бес жалпы бақылау, жүз тоқсан жеті желілік учаскеге және үш көше қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыстар жалғасуда.
Барлық камераларды бақылап отыру үшін деректерді өңдеу орталығы құрылды. Аталған жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталса, бейнебақылау камералары іске қосылады.
x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...