Шымкентте ауыз су мәселесі қалай шешіледі?

 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып жүрген қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені шешуді күн тәртібінен түсірген емес.
Қала ауыз суды 5 су көзінен алады. Су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері жүргізілмеген елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады.
 
Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді.
Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекенге ауыз су беріледі.
2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі.
x

Check Also

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында ...

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау ...