Шымкентте алдағы жылдары мың төсек орындық аурухана салынады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты.

Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда он екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

Бүгінде отыз алты медициналық ұйымның материалдық базасы жаңартылған. 6 медициналық ұйымның ғимараттары биыл күрделі жөндеуден өткізілген.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын үш жүз мыңнан астам скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражаты артады.

Президент отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі он жеті пайыздан елу пайызға жеткізу межесін белгіледі. Қаламызда фармацевтикалық кластер дамыған. Медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылған. Бұл көрсеткішке қол жеткізуге мегаполистің әлеуеті жетеді деп сенемі.

 

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...