Шымкентте 80 мың тонна өнім жиналды

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 29,3 мың га жерге егілді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық.

Егін жинау жұмыстарына 791 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа 7 трактор сатып алынды. Оның ішінде 3 дана шетелден және 4 дана отандық трактор алынды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасымен 2 техника субсидияланды.

Пандемияға қарамастан диқандардың орасан еңбегінің нәтижесінде Шымкентте сегіз айда 80 мың тонна өнім жиналды, оның ішінде дәнді дақылдар — 14,4 мың тонна, майлы дақылдар – 3 мың тонна, көкөніс, бақша — 42,7 мың тонна, картоп — 3,1 мың тонна, мал азықтық дақылдар — 16,8 мың тонна. Бұл жоспардың 93,7 пайызы орындалғанын көрсетеді. Барлық астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді.

Жиналған өнімнің көлемі 28,5 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 29,3 мың гектар егіс алқабынан  жалпы 85,4 мың тонна өнім жиналса, жалпы өнім көлемі 37 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...