Шымкентте 8 көшеге оң жақ өткел салынуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 8 көшеге оң жақ өткел салынуда

Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған.
Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – қырық бес орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша сегіз көшедегі он орынға жерге оң жақ өткел салынуда.
Айта кетсек, жыл басында биыл он бір орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны он болып бекітілді.
 
Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында құрылысты үш мердігер мекеме жұмыс жүргізіп отыр.
Аталған көшелерде жұмыс аяқталған соң алпыс жол белгісі орнатылады. Оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланған.
x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...