Шымкентте 6 ауызсу бұрқағы іске қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 6 ауызсу бұрқағы іске қосылды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылды. Биыл он орынға ауызсу бұрқағын орнату жоспарланған.
Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы «Қызғалдақтың» жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, «Моцарелла» мейрамханасының алдында және Гипер хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады.
Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Алдағы уақытта қалада тағы төрт ауызсу бұрқағын іске қосу жоспарланып отыр.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...