Шымкентте 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен

Шымкентте халық санағы белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы қалалық Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі сәтке дейін 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен. Қалада 1 кезеңге 200-ге жуық қызметкер тартылса, 2 кезең үшін 1500-ге жуық азамат уақытша жұмысқа алыну жоспарлануда.

Естай Жақаев, Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы: «15 қыркүйек сағат 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 129 207 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың ішінде 110 662-сі sanaq.gov.kz сайтынан өткен. 13 538 адамы egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, ал 5007 адамы санақтан Aitu қосымшасы арқылы өтті».

Дереккөз: Оtyrar.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. ...

Шымкентте Ынтымақ-2 және Бозарық — 1 тұрғын алаптары газдандырылды

Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы ...