Шымкент жастары зияткерлік сабағына қатысты

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің отыз  жылдығына арналған онлайн сабақ ұйымдастырылды.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деп аталатын НЗМ-нің авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген сабақ еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған.
Бұған қаламыздағы жетекші отыз  мектептен тоғыз жүз  оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады. Сабақ барысында тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейінгі хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.
Айта кетсек, биыл аталған мектепке ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім грантын жүз қырық бес үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданған.
Зияткерлік сабағы барысында барлық карантин талаптары қатаң сақталды.
x

Check Also

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбиені күшейту шаралары жүргізілуде

Шымкент қаласында өтіп жатқан «жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Бұл шара ...

Шымкентте балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялап, ел көлемінде кешенді шараларды қолға алды. ...