Шымкент: Жастар ресурстық орталығының бөлімшелері ашылды

Шымшаһарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен үш ауданда жастарға арналған орталықтар пайдалануға берілді.
Қаратау ауданындағы жаңа орталықтың ашылу салтанатына қатысқан шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы аудан жастарын заманауи ресурстық орталықтың ашылуымен құттықтады.
 
– Республикалық статусқа ие болғалы қаламыз жан-жақты дамып келеді. Шаһардағы халықтың орташа жасы 28-ді құрайды. Бұл дегеніміз Шымкентті жастар қаласы деуге болады деген сөз. Ал жастарға заманауи орталықтар қажет.
Жалпы енді мұның бәрі мемлекетіміздің жастарға деген көңілі. Ертеңгі жастар – еліміздің іргетасы. Соларға білім беру, жағдай жасау, жаңа заманауи центрлерді ашу – мемлекетіміздің басты бағдарламалары, басты бағыттары болып табылады, — деді қала әкімі.
 
Мұнан соң, шаһар басшысы Қаратау аудандық жастар орталығының жұмысымен танысып, «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтың ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Ал қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаевтың айтуынша, жаңа ғимарат жастарға қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша (жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік және т.б.) жұмыс істейтін болады.
 
Сондай-ақ, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған мүмкіндіктер және қалада жүргізіліп жатқан реформалар, жас отбасылар арасында ажырасудың алдын алу, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастарға анонимді психологиялық көмек көрсету, жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсету туралы кеңестер өткізіледі.
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...