Шымкент: қала әкімінің бірінші орынбасары ADAN мектебінің жұмысымен танысты

Шымкентте жаңа үлгіде салынған жекеменшік мектептер көбеюде. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сондай білім ошақтарының бірінде болып, жұмысымен танысты.
Adan мектебі Ахмет Байтұрсынов және Ғани Іляев көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрынғы экономика колледжінің ғимараты жаңартылып, бүгінде заманауи мектепке айналды.
 
– Шымкентте жыл соңына дейін 28 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі деген жоспар бар. 1 қыркүйекте 23 мектеп ашылды. Соның ішінде 19 білім ошағы – жекеменшік. Бүгін біз танысқан мектепте 400-ге жуық оқушы білім алуда, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Мектеп жалпы 600 оқушыға шақталған. Мұнда ұзартылған күн топтары жұмыс істеп, балаларға үш мезгіл ас қарастырылған. Үй тапсырмасы да мектепте орындалып, ұстаздар құрамы басты назарды білім мен тәрбие беруге аударып отыр.
 
x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...