Шымкент әкімі олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент әкімі олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады.
Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.
 
Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.
Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.
 
Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.
Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.
x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...