«Шымкент – 2200: туристік креативті қала бейнесі» байқауы өтеді

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдер 9-20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:

  • Медиа
  • IT-жоба
  • Креативті архитектура
  • Туризм саласындағы креативті қызметтер
  • Қала бренды
  • Гастрономия (Шымкент дәмі)

Басты талап:

  • Жобаның сапасы
  • Креативтілік пен өзектілік
  • Авторлық жоба (плагиат емес)

Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтында орналасқан арнайы анкетаны толтырып, shymkent2020@gmail.com поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...