«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағынауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 3-ші кезеңдік конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды.
Бұл кезеңде үш жүз отыз алты азамат несиелік бағыттағы пәтерді сатып алу туралы келісімшартына қол жеткізеді. Бұған дейін аталған бағыттағы 1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.
x

Check Also

Шымкент: Ұлттар үндестігі дәммен дәріптелді

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Шымкент қалалық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ...

В Шымкенте прошел масштабный субботник

В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» в районе Тұран был организован субботник. Цель мероприятия — повышение экологической культуры среди населения ...