«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағынауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 3-ші кезеңдік конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды.
Бұл кезеңде үш жүз отыз алты азамат несиелік бағыттағы пәтерді сатып алу туралы келісімшартына қол жеткізеді. Бұған дейін аталған бағыттағы 1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.
x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...