Шалғайдағы шағынаудандарды сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 станция іске қосылады

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту.
Мәселен, шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін сегіз қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтитын «Бозарық» қосалқы станциясы пайдалануға берілген болатын.
 
Бұдан бөлек, он екі елдімекенге ауыз су құбыры тартылады. Осылайша, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізіледі. Осы жылдар ішінде қала тұрғындары толығымен көгілдір отынға қосылса, сағатына 250 мың метр кубты құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасы осы жылдың қазан айының соңында іске қосылады.
Сонымен бірге қалада 84,4 шақырым болатын кәріз жүйесі салынады. Осылайша бес жылда кәрізбен қамту көрсеткішін 65 пайызға жеткізу көзделуде.
x

Check Also

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

В мероприятии, которое прошло в зоне отдыха Арбат, приняли участие 150 человек в возрасте от 10 до 21 года. Среди ...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте жастар арасындағы «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті. Арбат демалыс аймағында өткен ...