Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі — қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері — №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.
 
№17 автобус бағыты — «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus»ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері 19-25мин құрайтын. Автобус Тұран ш/а тұрғындарын Байдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран ш/а тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауы, себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатын уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақытта Тұран ш/а құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір №75 маршрут қарастыру көзделуде және қазіргі уақытта 17 маршруттағы автобус саны 12 болып, аралық жиілігі 5-7 минутты құрады. Бұл бағыт бойынша Тұран ш/а тұрғындарын қала орталығына жеткізу жоспарлануда.
 
№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.
 
№34 маршрут «Қазғұрт ш/а – К.Цеткина к-сі» бойынша қызмет көрсетеді. «Бек-Сервис» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс 6 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Енді халық шағымдарының көпшілігі бұл маршруттың ескілігіне, кондиционердің жоқтығына және адам жиілігінің жоғары болуына шағымданады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша маршрутқа тағыда 5 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр. Бұл маршрут бойынша FAZ,VECTOR, JAC автобустары қызмет көрсетеді.
 
№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайтын. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.
 
№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бағыты бойынша жүреді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 12 мин, демалыс күндері – 15 мин құрайды.күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 26 мин, демалыс күндері – 32 мин құрайды.
Қазіргі уақытта бұл маршрутқа да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 мин құрап отырғанын айтты.
x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...