Ө.Шөкеев: Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті. Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және онлайн форматта аудан мен қала әкімдері қатысты.

Облыс әкімі Түркістан өңірінің барлық бағыттағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, Жолдаудағы жеті басты басым бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарды айқындап берді.

«Елбасы Жарлығымен құрылғанына 3 жылдан енді ғана асқан Түркістан облысы барлық бағыттағы даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 41,7 млрд. теңгені құрайтын 307 жоба мақұлданып, республикада көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Биыл бұл бағытқа 7,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есе артты. Тұрғын үй құрылысын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Алдағы 5 жылда 4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда»,-деді облыс әкімі.

Мал азықтық қорды қамтамасыз ету тұрақты бақылауда. Облыста қажетті 3,9 млн.тонна мал азығын дайындауға толық мүмкіндік бар. Егістікті әртараптандыру бойынша мал азығы дақылдарының көлемі 2,6 мың га ұлғайып, 215,4 мың гектарға орналастырылды. Облыс басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру бойынша жұмыстарға тоқталды. Үш аусымды мектеп санын жою және балаларға сапалы білім беруді ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 44 мектептің құрылысы аяқталады. 5 жылда 134 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы төрт ауданда заман талабына сай тереңдетілген білім беретін 4 мектеп салынады.

2025 жылы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 99,5% жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 444 елді мекенге табиғи газ тартылады. Алдағы 5 жылда 85,6%-ға табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Жыл қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен жалпы 717 елді мекен қамтылатын болады. 2025 жылға толық 100% қамту көзделуде. Жаңадан салынып жатқан Түркістан қаласын қажетті жылу, энергия көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін булы газ қазандығын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, электр қуатын сапалы тарататын «Орталық», «Солтүстік», «Бадам» секілді қосалқы станциялар құрылысы басталды.

«Облыста жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд.м3 42 су қоймалары бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кепілді ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша сиымдылығы 68 млн.м3 құрайтын 2 су қоймасын салу жоспарланған. Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары Түркістан облысында 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңға 1,5 мыңға жуық отбасы мүшесі бар 302 отбасы қоныс аударды. Жалпы Республика бойынша қоңыс аударғандардың ішінен Түркістан облысының үлесі 30% құрайды. Енді біздің алдымызда облыстың осы көрсеткіштерін еселеп, Жолдаудағы айқындалған бағыттарды іске асыру міндеті тұр»,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды.

«Жолдау талаптарын толық орындап, мына күрделі заманда Ел болып қалуымыз үшін бүкіл халқымызды аяққа тұрғызуымыз қажет. Бұл істі тек ұлт зиялылары ғана атқара алады. Сондықтан да, Президент зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды. Осы тұста жергілікті жерлердегі зиялыларды, лидерлерді қамтуымыз керек. Арыс оқиғасы кезіндегі сектор қағидаты, сектор саясаты осы ретте өте тиімді болып келеді, деп ойлаймыз»,-деді ҚХА мүшесі Алишер Сатвалдиев.

Жиын соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...