Сауда орындарында екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Абай ауданы әкімі аппараты мен денсаулық сақтау саласының мамандары коронавирусқа қарсы екпе алудың маңыздылығын тұрғындарға түсіндірді. «Автонұр» және «Алаш» базары басшыларымен және сатушылармен Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Занкоев, қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгуль Кылышбаева кездесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жеткізді.
Жауаптылар вакцинаның тиімділігін айта келіп, әсіресе қауесеттер бойынша тұрғындарды мазалаған сауалдарына да жауап берді.
Түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Айта кетейік, № 6 емханада вакцина кабинеттері таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...