Республика бойынша ең көп оқушы Түркістан облысында мектепке барды

Биылғы жаңа оқу жылында облыс бойынша 50 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Республика бойынша 1-сыныпқа барған ең көп оқушылар саны Түркістан облысына тиесілі. Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін өңірде жалпы 44 мектептің құрылысы аяқталмақ. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.

Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінің тұсауы кесілді. Әкімшілік – іскерлік орталықта орналасқан 900 орындық жаңа мектептің ашылуына қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды білім күнімен құттықтады.

«Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында. Ендеше, осы жаңа мектептің табалдырығын алғаш аттағалы отырған Сіздерді — үздік оқып, ел үмітін ақтап, еліміздің патриот азаматы болатындықтарыңызға сенемін. Қолдарыңызға алғаш алған «Әліппе» оқулықтарыңыз құтты болсын!» деген облыс әкімі жаңа білім ордасын аралап көріп, ұстаздардың еңбегіне сәттілік тіледі.

Әкімшілік-іскерлік орталықта 80-нен астам көпқабатты тұрғын үй бой көтерген. Жыл соңына дейін 5 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды. Жаңа ауданға Түркістан қаласымен бірге Алматы, Астана, Шымкент секілді еліміздің өзге өңірлерінен келген мыңдаған отбасы қоныстануда. Олардың саны күн сайын артып келеді.

Бүгін ашылған жаңа мектепте барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған. Оқушыларға білікті ұстаздар тереңдетіп білім беретін болады. Биыл Түркістан облысында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алады. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...